«Ұрып, жынды қылды»: бұрынғы имам әйелін соққыға жығып, дінмен қорқытқан

cover Фото: freepik.com

Бұрынғы имам әйелін дінмен қорқытып, қысым көрсетіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz abdulla_kzkz инстаграм парқшасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында бұрынғы имам, қазіргі теолог әйеліне зорлық-зомбылық көрсетіп, туыстарымен араластырмай отырған көрінеді. Бұл туралы келіншектің сіңлісі ақпарат таратты. 

Теолог әйелін дінмен қорқытып, туыстарымен араластырмай, үйінде қамап ұстап отыр екен. Зорлық көрген әйелдің сіңлісінің айтуынша, жездесі әпкесіне біріңғай жындар мен тозақ туралы әңгіме айтып, оны адам танымастай өзгертіп тастаған. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған келіншек ауырып қалған. Ал күйеуі медициналық қызметке жүгінбей, дін жолымен емдемекші болып, жағдайын одан ары нашарлатқан. 

«Сап-сау әпкемді жездем ұрып, жынды етіп қойды. Әпкемнің түк жазығы жоқ еді. Өте жуас болатын. Тіпті, дінді жақсы ұстанады. Бөтен ер адамдармен сөйлеспейтін. Жолдасы мектеп кезіндегі достарымен сөйлесуге тыйым салған. Туыстары бар чаттан шығарып жіберген. Әпкем еріне бағынған инабатты келіншек болды. Ал соңында өзі далада қалды», - дейді сіңлісі.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар