«Ұрлық болды»: Тоқаев сұхбат барысында Назарбаев туралы сөз қозғады

cover Фото: Бейнеден кадр

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатарлық Al Jazeera телеарнасында эксклюзивті сұхбат берді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тоқаев тілшінің тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы қойған сұрағына жауап берді. 

«Сіз бұрынғы көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың элиталық артықшылығын талдауда прогреске қол жеткіздіңіз. Тергеу жүргізілді, айыптау үкімдері шықты. 2022 жылы 1,2 млрд доллар қайтарылды. Бірақ біздің пікірімізше, жұмыс әлі аяқталған жоқ. Назарбаев Қоры мен Halyk Bank сияқты кейбір негізгі институттар тексеріссіз қалды. Сіз бұл туралы не айтасыз?», — деп сұрады журналист. 

Тоқаев жасалып жатқан жұмыстарға сыни пікірлер бәрібір болатынын айтты. Бірақ президент халықтың игілігі үшін көптеген оң өзгерістер жасағанын алға тартты. 

«Әрине, біз тұңғыш президент болған Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін мойындауымыз керек. Иә, сіз айтқандай қателіктер, ұрлықтар болды. Біз әлі де тергеу жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыс жалғасып жатыр. Бірақ бұл істе мен тәртіпсіздіктерге жол бермеймін. Өйткені бұл менің елімдегі жағдайдың тұрақсыздығына әкеледі», — деп жауап берді Тоқаев.

Айта кетейік, Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевпен айына бір рет байланысып тұратынын айтқан еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар