Ұлытау облысында экология департаментінің бастығы ұсталды

cover Фото: freepik.com

6 қаңтарда Ұлытау облысы бойынша экология департаментінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ұлытау облысы бойынша экология департаментінің бастығы Дастан Тілеубеков пара алғаны үшін ұсталды. 

Антикордың мәліметінше, Тілеубеков жер қойнауын пайдаланушыға жұмыс істеуге рұқсат бергені үшін «BASS Gold» компаниясынан 2,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Дастан Тілеубеков 2022 жылдан бері Ұлытау облысының экология департаментінің басшысы қызметін атқарды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар