Ұлытау облысында асырап алған балаларды «құл» орнына ұстаған
Фото: Айқын
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балаларға жауапты отбасы кәмелетке толмаған, асырап алған үш баланы шаруашылықта жұмыс істеуге мәжбүрлегенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға Ұлытау өңірінде болған. Зәкиеваның айтуынша, балалар фермада бес жыл бойы мал баққан.
«Ақпан айының басында облыстық прокуратураның мен қорғаншылық мобильді топтарының тексеру нәтижесінде 2018 жылы патронаттық отбасы балалар үйінен алған бір отбасынан үш бала - бір қыз және екі ұл анықталды. Отбасы балаларды алғанда олардың жастары 14, 12 және сегізде болды. Үлкендерін қаладан 20 шақырым жердегі өздерінің шаруашылықтарында ұстап, мал бағуға мәжбүр еткен. Шаруашылықта екі табын жылқы мен 18 сиыр бар», дейді Зәкиева.
Әйел балалардың тұрмыс жағдайын көріп, шошығанын жазады.
«Қамқоршы балаларды қорлады, ұрды, азаптады, бір сөзбен айтқанда - құлдықта ұстады», деп мәлімдеді ол.
Үлкен қыздың колледж бітіргеніне қарамастан, жұмысқа шықпағандығы айтылады. Ағаларынан ажырап қалу қаупімен ол да фермада жұмыс істеуге мәжбүр болған.
Ал ұлдар мектепке мүлде бармаған. Құзырлы органдар оқу орындарын тексергенде белгілі болғаны – қамқоршылары олардың атынан үнемі «ауырып жатқандары» туралы анықтама өткізіп отырған.
Зәкиеваның айтуынша, бұл қамқоршылар бұрын тағы да басқа балаларды асырап алуға дайын екендіктерін айтқан.
«Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Балалар бөлінбейді және қауіпсіз. Оларға психологиялық көмек көрсетіледі», деді Зәкиева.
Оның айтуынша, балалар мәселесі қазір облыс әкімінің жеке бақылауында.
Жаңалықтар
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды