Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз құтты болсын!
Фото: gov.kz
Наурыз мейрамы – адамзат өркениетіндегі ең көне мерекелердің бірі. Ол көктемнің келуімен, табиғаттың жаңаруымен және жаңа жылдың басталуымен байланысты. Осы орайда төменде Orda.kz тілшілерінің мерекеге арнаған бірқатар зерттеулері мен мақалаларын ұсынамыз.
Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл мейрам күн мен түн теңелетін 21–22 наурыз аралығында атап өтіледі. Ғалымдардың деректеріне сүйенсек, Наурызды тойлау дәстүрі кемінде үш мың жыл бұрын пайда болған және ол Орталық Азия, Таяу Шығыс, Иран аймақтарында кең таралған.
Наурыз мейрамы ежелгі замандарда зороастризм дінімен тығыз байланысты деген дерек бар. Бұл сенім бойынша, көктем – жақсылықтың, жарықтың, жаңа өмірдің символы. Сондықтан Наурыз күні адамдар бір-біріне ізгі тілектер айтып, өткен жылғы өкпе-реніштерін ұмытып, жаңа өмірді таза ниетпен бастаған.
Қазақ халқы үшін Наурыз – тек мереке емес, тұтас бір өмір салтының көрінісі. Дәстүр бойынша, бұл күні халық үйлерін тазалап, ескі-құсқыдан арылып, жаңа киім киген. Ауыл ішінде ренжіскен адамдар татуласып, «ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп бір-біріне ақ тілек айтқан. Наурыздың басты тағамы – Наурыз көже. Ол жеті түрлі дәмнен дайындалып, молшылық пен берекенің белгісі саналған.
Бұрын Қазақстанда Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен тойланған. Ауыл-аймақтарда алтыбақан құрылып, жастар ән айтып, ойын-сауық ұйымдастырған. Ат жарыс, көкпар, қазақ күресі сияқты ұлттық ойындар өткізілген. Үлкендер бата беріп, жастар үлкендердің үйін аралап, «Наурыз құтты болсын!» деп құттықтаған. Бұл мереке адамдарды бірлікке, татулыққа шақырып, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтқан.
Алайда XX ғасырда, Кеңес Одағы кезеңінде Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды. Кеңестік билік бұл мерекені діни және «ескі дәстүрдің қалдығы» деп бағалады. Сонымен қатар, Наурыз ұлттық ерекшелікті күшейтетін мереке болғандықтан, орталықтандырылған идеологияға қайшы келді. Сол себепті 1920–1930 жылдардан бастап Наурызды ресми түрде атап өту тоқтатылды.
Терең тарихи тамырына қарамастан, Наурызды халық жадынан өшіруге тырысқан. Бұл бірден болған жоқ. Кеңес өкіметі нығая бастаған кезеңде, 1920 жылы мереке ресми түрде бұйрықпен бекітілді.
«Түркістан Кеңестік Республикасының Орталық Атқару Комитетінің 20 наурыздағы қаулысына сәйкес: 22 наурыз «Көктемнің басталуы» – «Наурыз» жалпы халықтық мереке деп есептелсін. Бұл күн жұмыс күні емес деп жарияланып, мемлекеттік мекемелерде жұмыс жүргізілмесін. Осы туралы хабарланып, дереу орындауға беріледі» деген қаулы шықты.
Алайда 1924 жылы Түркістан Республикасы ыдырады. Көп ұзамай, 1926 жылы Наурызға тыйым салынды. Ресми құжаттарда ол «діни сарқыншақ» және «ескі әдет-ғұрып» деп сипатталды. Соған қарамастан, мереке толықтай жойылып кеткен жоқ.
Дегенмен халық жадынан бұл мейрам өшкен жоқ. Қазақ халқы Наурызды жасырын түрде, отбасылық деңгейде атап өтуді жалғастырды. Тек 1988 жылы ғана Қазақстанда Наурызды қайта жаңғыртуға ресми түрде рұқсат берілді. Ал тәуелсіздік алғаннан кейін бұл мереке мемлекеттік деңгейде кеңінен тойлана бастады.
2001 жылы Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заң қабылданып, осы заңға сәйкес Наурыз мейрамы (22 наурыз) ресми мемлекеттік мереке ретінде бекітілді. Кейіннен бұл мерекені тойлау күндері кеңейтіліп, 21–23 наурыз аралығы демалыс күні болып жарияланды.
Бүгінде Наурыз – Қазақстан халқының ең басты ұлттық мерекелерінің бірі. Ол бірлік пен жаңарудың, мейірім мен ізгіліктің символына айналды. Сонымен қатар, 2010 жылы ЮНЕСКО Наурызды адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізді. Бұл оның әлемдік деңгейде маңызы зор мереке екенін дәлелдейді.
Наурыз мейрамы – ғасырлар бойы жалғасқан тарихи, мәдени және рухани құндылықтардың жиынтығы. Ол халықтың салт-дәстүрін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ерекше мереке болып қала береді.
Наурыз – көктемнің ең көне әрі маңызды мерекелерінің бірі. Ол Қазақстанда және Орталық Азияның басқа елдерінде 22 наурызда жаңару, жаңа жылдың басталуы және табиғаттың оянуының символы ретінде атап өтіледі. Бұл мереке көшпелі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерін, мәдени мұрасын және қазіргі заманғы тойлау үлгілерін біріктіреді.
Осы орайда тілшілеріміз Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға қатысты бірақатар материалдар жариялады. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін барлық қазақ халқы бұл күнді ерекше құрметтейді. Алайда кей кезде Наурыз мейрамы қазақтарға Таяу шығыстағы парсылардан келген деп жатады. Осы тақырыптың анық-қанығын білу үшін Orda.kz тілшісі тарихшы, этнограф Ахмет Тоқтабайдан пікір алды, оны мына сілтеме арқылы толық оқи аласыз.

Қазақ ұғымында бұл мерекеде күн мен түн теңеліп, қыс ызғары қайтады. Адам ауызы аққа, мал ауызы көкке тиеді. Алайда біз тойлап жүрген «Наурыз» мейрамының тарихы қайда жатыр? Ол туралы мына жерден толық танысыңыз.
Сонымен қатар Наурыз мерекесімен тұспа тұс келген Ораза айт - қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай еліміз атап өтетін мұсылман мерекесі. Биыл ол 20 наурызға түсіп, ел бойынша үш күн тойланады. Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні туралы мына сілтемеден оқисыз.
Сауапқа толы әрі тағдыр өзгеретін Қадір түнін қалай өткіземіз? Orda.kz тілшісі Қадір түніндегі құлшылық кезінде айтылатын дұға-тілектерді саралап шықты. Қадір түні өтіп кетсе де, біле жүргеніңіз абзал.
Наурыз – жаңа өмірдің, жақсылық пен молшылықтың бастауы. Бұл күн тек көктемнің келуін білдірмейді, ол адамдарды жақындастырып, жүрекке жылылық сыйлайтын ерекше мейрам. Қазақ халқы үшін бұл – табиғат пен адамның үйлесімін көрсететін қасиетті кезең. Осы күні айтылатын ақ тілек пен бата – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мұра. Orda.kz тілшісі Наурызға қатысты бата мен ізгі тілектерді жинақтап шықты.
Наурыз көже – Ұлыстың ұлы күні әзірленетін қасиетті тағам. Бұл көже ежелден молшылық пен берекенің нышаны ретінде әр шаңырақта дайындалып келген. Оның қатаң рецепті жоқ, бірақ басты талап – жеті түрлі дәннің болуы. Мақаланы мына жерден толық оқуды ұсынамыз.
Наурызнама мерекесі аясында 747 спорттық іс-шара өтеді. Наурыз мейрамын атап өту аясында 14–23 наурыз аралығында Қазақстан өңірлерінде 747 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған. Ол туралы мына жерден оқисыз.
Алматы қаласында 21–25 наурыз аралығында Наурыз құрметіне ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. Мәдени астанамызда Ұлыстың ұлы күніне арналған концерттер, көрмелер, жәрмеңкелер өтеді. Толығырақ.
Астана қаласында Наурыз мейрамы аясында 21–22 наурыз күндері бірқатар іс-шаралар өтеді. Қала әкімдігінің мәліметінше, 21–22 наурыз күндері Астана Наурызды кең көлемде атап өтетін салтанатқа айналады. Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады? Ол туралы мына жерден оқыңыз.
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Президенттің айтуынша осыдан екі жыл бұрын елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы бастау алған. Ауқымды жоба халықтың, әсіресе, жастардың жаппай қолдауына ие болды. Азаматтарымыз тазалықты құр сөзбен емес, нақты ісімен көрсетуде. Ұқыптылық, жинақылық, тиянақтылық қасиеттері ұлтымыздың жаңа сапасына айнала бастады.
Оқи отырыңыз:
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Наурызға арналған тілектер мен баталар
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
Жаңалықтар
- Ботагөз Омарованың ісі бойынша журналистер Тоқаевқа үндеу жасады, Балаева пікір білдірді
- Украина бейбіт келісімге жақындады ма?
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз құтты болсын!
- Белгілі актер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
- Алматыда кредиттік бюро алаяқтық жолмен 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?