Ұлттық құрылтай 100 жылдан кейін Қызылордада өтеді
Фото: Ақорда
Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылорда қаласында өтеді. Биыл Сырдария өңірі мемлекет үшін маңызды шешімдер қабылдауда билік пен қоғам арасындағы диалог алаңына айналады, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылы астананы Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімге 100 жыл толады.
Еске салсақ, қазіргі форматтағы алғашқы Құрылтай қасиетті Ұлытауда өтті. Екінші отырыс түркі әлемінің рухани орталығы — Түркістанда ұйымдастырылды. Үшінші жиын Жайық өзенінің жағасында, Атырау облысында өтті. Төртінші Құрылтай табиғат пен тарих үйлесім тапқан Бурабайда өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың III Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде:
«Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным. Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық. Қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түсті. Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында» деген болатын.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың бастамасымен бірқатар маңызды заңнамалық бастамалар қабылданды. Олардың қатарында әйелдердің құқықтарын нығайтуға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдар, вейптер саудасына тыйым салу, сондай-ақ мемлекеттік наградалар мен ономастикаға қатысты заңдар бар.
Бұдан бөлек, вандализммен күресуге және ойын бизнесін шектеуге бағытталған құжаттар қабылданып, есірткі өндіру мен оны таратуды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілді.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында не айтылды – Мемлекеттік кеңесшінің қорытындысы
- Бурабайдағы Ұлттық құрылтай: журналистер 20 шақырым жерден жағдайды бақылайды
- Министр ауыл кітапханаларына кітап сыйлауға шақырды
- Ұлттық құрылтайда медреселердің қызметін қадағалау ұсынылды
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?