Ұлттық киноны қолдау орталығына қатысты дау: Роза Мұқанова Талғат Теменовке жауап қайтарды
Коллаж: Orda.kz
Жазушы, драматург Роза Мұқанова Ұлттық киноны қолдау орталығы жариялаған байқауға қатысып, өте алмаған, әрі әлеуметтік желілерде байқауды қатты сынға алған режиссер Талғат Теменовке жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақ халқының бәрі білетін «Көшпенділер» фильміне режиссер болған, «Шаңырақ», «Қайдасың сен, Чапай?», «Торо», «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Қызғыш құс», «Махаббат бекеті», «Алма бағы», «Көгілдір такси» сынды фильмдердің сценарийін жазған кинорежиссер, кинодраматург, Казақстанньң халық әртісі Талғат Теменов Ұлттық киноны қолдау орталығы жариялаған байқауды сынады. Өз сөзінде ол комиссия қатарында киноға қатысы жоқ адамдар отырғанын атап өтті. Ол бір ауыздан дауыс берген соң, жақсы туындылардың тасада қалатынын айтып наразы болды.

«Комиссия мүшелерін Мәдениет министрлігі бекітеді. Алайда бұл тізімді кім ұсынғаны белгісіз. Оған мүше болуда қандай принциптерге сүйенген? Себебі, ол кеңесте мультипликатор да, кинотанушы да, бір сценарий жазбаған жазушы, журналист, депутат, каскадер, актер, музыкант та бар, тек логика жоқ. Себебі анимациялық, деректі, дебюттық, көркем фильм сценарийлерін комиссия мүшелері бөлек-бөлек оқиды. Құп делік, бірақ дауыс бергенде бәрі бірігіп кетеді. Басқа басқа тіпті депутаттарды комиссияға қосу — нонсенс. Заң жобасын оқуға уақыты жоқ азаматтар 400 сценарийді қашан, қалай оқысын? Оларға сенің еңбегің де, тәжірибең де, тақырыбың да, атың да, затың да керек емес. Жасанды интеллект жазатын сценарий де, сен де бірдейсің. Сценарий немесе автор ұнамаса болды. Басқалары бас шұлғып отыра береді».
Комиссия мүшелерінің бірі Роза Мұқанова өзінің Facebook парақшасында оның пікіріне жауап жариялады. Оның сөзінше, Теменов сценарий жазғанда бірнеше қателік жіберген және кей дүниелерді атүсті істей салған. Ол әуелі Теменов ұсынған туындыларды сынап өтті.

«Ұлы Мұқаңның туындысы, сұлу Қарагөзінің парша-паршасын шығару үшін Теменовке мемлекет бюджетінен 529 698 939 қаражат бөлінуі керек пе? Ұлттық киноны қолдау орталығын кінәлаудың да, күстәналаудың да, қаралаудың да не түрлі аяр әрекетіне бара беріңіз! Қалауыңыз, ар-ожданыңыз білсін. Бұл еріккеннің ермегі емес, 400-ден астам сценарийді көз майымызды таусып оқыдық. Эксперт құрамы ютубта ашық жарияланып, көрініп тұр. Продюсер, кинорежиссер, драматург, аниматор, кинотанушы мамандар т.б. түгел қамтылған. Осының алдында эксперт мүшесі өзің де болғансың. Сол кезде «сценарийлерді оқымай дауыс бере салғанмын» деп сұхбат бергенің бар. Ал біз әр киносценарийді жіліктеп тұрып оқыдық. Оған әркімнің жүйкесі шыдас бермейді» деп жазды Роза Мұқанова.
Сондай-ақ, Роза Мұқанова Теменовтің «Сарра» мен «Бопай ханым» пьесасын Қ. Қуанышбаев театрында көркемдік жетекші болып жүрген кезімде жөндеп, күзеп бердім» деген сөзіне де наразылық танытты. Оның айтуынша, ол пьессалар сол кездегі театр директорлары Айболат Жәудір мен Асхат Маемировтың тұсында театр басшыларының тапсырысымен жазылған.
«Өзге жұртқа ұқсап пьесамды көтеріп, театр басшыларының табалдырығын тоздырған емеспін. Сол пьесаны сұратып алып, сахнаға шығармауға күш салғаныңыз есімде. Бірақ театр директоры мен актерлер тобы сіздің пікірді қолдамай қойды. Талғат! Мені жақсы білесің деп ойлаймын, адами қасиет те, ақ көңіл қасиет те шығармашылық тұлғаларға тән. Бірақ репертуарға қазақ драматургтерін жолатпай өзіңнің ғана инсценировкаларыңды қоюға әуестеніп кеткеніңді бетіңе айтқан сәттерім болды. Сол үшін мені дұшпа санаған боларсың. Жалпы менің ұғымымда шығармашылық тұлға адал, әр ісі көркем деп түсінемін! Осы биіктен көрінсек деп ойлайтыным да рас. Айтар уәжің болмаған соң фамилиямды «ойнатқың» келген екен. Қайтесің Сәбит Мұқановтың аруағымен алысып. Алыссаң отырмыз ғой, тіріміз. Қаракөлеңкеде бой жасырып, күбір-сыбыр жасап “Тёмнов” болмағын. Сен Тёмнов болма, Теменов бол! Аман бол!» деп жазды Роза Мұқанова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынған болатын.
Жаңалықтар
- Қазақстанда 622 стоматологиялық ұйым тексеріліп жатыр
- «Қайрат» жастары «Олимпиакосты» 2:0 есебімен жеңді
- «Бір бала көз жұмды»: Астанада жасөспірім балалар арбасын өртеп жіберді
- Егіс алқабы бекітілген кестеден 1 гектар артық егілсе, енді оған су берілмейді
- Назарбаевтың бұрынғы көмекшісі 1,6 млрд үшін британ лордымен соттасып жатыр
- Дәурен Айдаркұлов екі әйелі бар екенін айтып, сынға қалды
- 2027 жылы елімізде жүргізушісіз жүк көліктері мен таксилер пайда болады
- Қостанайдағы айықтыру орталығында науқасты тепкен санитар 4 жылға сотталды
- «Ер адамның жыныс мүшесін ұстау сауап»: Азаматша медреседегі ұстаз жайлы сұмдық оқиғаны айтты
- «Пара алған»: Қытайда бұрынғы мемлекеттік компания басшысы өлім жазасына кесілді
- Түркістанда қомақты қаражат жымқырған бұрынғы бас дәрігер қолға түсті
- Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
- «Астанаға жаяу барамын»: Қаңтар құрбанының жесірін біреулер кері қайтарды
- Сот «Орда» редакциясының бас редакторын үйқамақтан шығарудан бас тартты
- Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болып тағайындалды
- Бомба жайлы хабардан соң, Алматыдағы MEGA-дан халық үдере сыртқа шықты
- «Whatsapp-тағы сөз енді заңды құжат»: депутат Мұрат Әбенов жаңа өзгерістер жайлы айтты
- Тоқаев келесі үш жылға арналған бюджет туралы заңды бекітті
- Түркістан облысында экс-келінін ұрған ер адам сотталды
- «Тура биде туған жоқ» немесе «көбелек эффекті»: журналистерді қамау қоғамды қалай құлдыратады?