Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
Фото: Facebook аккаунтынан
Мемлекет басшысының өкімімен Бинұр Мұратұлы Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеп.
Ол бұған дейін Ұлттық Банктің цифрлық қызмет саласын басқарған және «Цифрлық теңге» жобасын дамытуға үлес қосқан мамандардың бірі. Бинұр Жәленовтің Қаржы технологиялары, төлем жүйелері және цифрлық валюталар саласында мол тәжірибесі бар.
Ол Ұлттық Банкте цифрлық инфрақұрылымды және инновациялық жобаларды дамытуға жауапты болды. Бұл тағайындау Ұлттық Банктің цифрлық трансформациялану және заманауи қаржы технологияларын енгізу саясатының жалғасы.
Бұл орын 2026 жылғы 20 ақпанда Берік Шолпанқұлов өз еркімен қызметінен кеткеннен кейін бос тұрған болатын. Шолпанқұлов мырза Ұлттық Банкте 2021 жылдан бері еңбек етіп, оған дейін қаржы вице-министрі лауазымын атқарған.
Берік Шолпанқұлов 1976 жылы 4 наурызда туған. Еңбек жолын 1996 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасы қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастаған.
2021 жылдың 5 сәуірінен бастап 2026 жылғы 20 ақпанға дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
Оқи отырыңыз:
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Ұлттық банк теңге бағамын құтқара ала ма?
- Ұлттық банк төрағасы: «Бәйтерек» несиелерінен инфляция өршімейді
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген