Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

cover Фото: ortcom.kz

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ресми дерекке сүйенсек, инфляцияға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлар, оның ішінде қазіргі бағалардың өсу қарқыны мен белгісіз сыртқы жағдайлар мөлшерлемені осы деңгейде ұстап тұруға негіз болып отыр.

«Қажет болған жағдайда Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені арттыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Келесі шешім болжамдық раунд нәтижесіне сүйеніп қабылданады. Сол кезде макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы да жаңартылады», — деп хабарлады Ұлттық банк.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ұлттық банк жанынан криптоактивтердің мемлекеттік резервін құру мәселесі қарастырылып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар