«Украина туралы сөз қозғамауды сұрады»: Эстонияның Қазақстандағы елшісінің басы дауға қалды
Фото: Instagram/ Jaap.ora
Эстониялық БАҚ-тың жазуынша, Яаап Ора Эстония президенті Алар Каристі Украина тақырыбында сөз қозғағанда әңгімесін абайлап жеткізуге көндірген, деп хабарлайды Orda.kz.
Эстония президенті Алар Каристің Қазақстанға сапары 17-18 қараша күндері өткен. Ал үш аптадан кейін эстон басылымдары Эстонияның Қазақстандағы елшісі Яаап Ораның болашақта қызметінен кетуіне себеп болуы мүмкін даулы жағдай туралы жазды.
Err.ee дерегінше, дипломат Каристен ресми сөзінде Украинаға қатысты риториканы барынша жұмсартуды сұраған.
«Қазақстандағы Эстония елшісі Яаап Ора кешкі ас кезінде президент Карис пен оның сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Маргус Колгеге Украинаға қатысты риториканы жұмсартуды ұсынды. Өйткені үстел басында отырған делегацияның басқа мүшелері де әңгімені ести алатындай болуы керек еді. Осы әңгімеден кейін Карис сөзін қайта жазып, риториканы жұмсартып, мазмұнын екіұшты етіп өзгерткен» деп жазады басылым.
Ақорда жариялаған Каристің сөздерінде Украина туралы мүлде айтылмайды. Халықаралық жағдай туралы да барынша бейтарап сипатта айтылған. Мысалы, Карис былай деген:
«Әрине, қазіргі геосаяси ахуал тұрақты емес. Бірақ біз туындаған қиындықтарды бірігіп шешуіміз керек».
Басылым Эстония СІМ-нің түсініктемесін де келтірген. Министрлік Яаап Ора келесі жылы қызметінен кететінін, бұл шешім шиеленісті азайтуға бағытталғанын айтқан.
Алайда қазақстандық СІМ мен елшіліктің ресми сайттарында бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ. Orda.kz елшілікке ресми сауал жолдағанымен, баспасөз қызметі түсініктеме беруден бас тартты.
Айта кетейік, Германияда қаза тапқан қазақ әйелінің күйеуі мен енесіне іздеу жарияланды.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?