ҰҚК қызметкерлеріне қатысты қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау ісі бойынша үкім апелляцияға беріледі
Сурет: Егемен Қазақстан
Олар қаңтар оқиғасы кезінде азаптады деп айыпталған ҰҚК 11 қызметкеріне шығарылған үкімге шағымданбақ, деп хабарлайды Orda.kz.
Редакцияға белгілі болғандай, жәбірленушілердің өкілдері мен айыпталушылардың қорғаушылары сот шешіміне наразы.
Жәбірленушілер айыпталушылардың бірі ақталып, үшеуі шартты түрде сотталып, қалғандары үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылғандығына разы емес. Сонымен қатар, жәбірленушілердің азаматтық талаптары жартылай ғана қанағаттандырылған.
Осыған дейін Orda.kz Алматының Түрксіб аудандық соты қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптауларға қатысты деп айыпталған ҰҚК-нің 11 қызметкеріне үкім шығарғанын жазған болатын.
Екі қызметкерге ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы «Билік немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану», қалғандарына ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы «Қатал, адамшылыққа жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттер, азаптау» бойынша айып тағылды.
Сот үкімімен төрт айыпталушы бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтеуге, үшеуіне орташа режимдегі колонияда 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҰҚК-нің тағы үш бұрынғы қызметкері үш және бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, бір айыпталушы ақталған болатын.
Олардың барлығына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды, сонымен қатар атақтары мен медальдарынан айырылды.
Жаңалықтар
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады