ҰҚК сегіз өңірде ұстау операциясын жүргізді

cover Фото: Бейнеден кадр

ҰҚК қару-жарақ өткізу және сақтау, ұрланған автокөлікті заңдастыру қылмыстарына қатысы бар бірқатар қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ұстау операциясы Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында жүргізілді.

Нәтижесінде 20 адам ұсталып, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаты, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді», деп хабарлады ҰҚК. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар