Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды

cover Фото: Kremlin.ru

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер Израильге жоспарланған сапарын тоқтатты, деп хабарлайды Orda.kz Израильдің 12-арнасына сілтеп. 

Бұған дейін Axios басылымының журналисі Барак Равид Уиткофф пен Кушнер 10 наурызда елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесуді жоспарлап отырғанын жазған болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Иранға қарсы әскери операцияны аяқтау туралы шешім Биньямин Нетаньяхудың қатысуымен қабылданады.

Axios мәліметінше, АҚШ пен Израиль Иранға соққы беруді бастау туралы келісімге Трамп пен Нетаньяхудың 23 ақпандағы телефон арқылы сөйлесу барысында келген.

The New York Times басылымы атап өткендей, Иран соғысқа АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі күткеннен әлдеқайда жақсы дайындалған болып шықты. Басылым дереккөздерінің айтуынша, мұны қақтығыстың алғашқы аптасындағы шығындар деңгейі көрсетеді.

Мәселен, 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің бірлескен әскери операциясынан бері Иранның жауап соққылары салдарынан кемінде 20 адам, оның ішінде америкалық әскери қызметшілер қаза тапқан.

Дегенмен құрбандардың негізгі бөлігі Иран тарапынан, елдің БҰҰ-дағы елшісі  Иранда 1,3 мыңнан астам адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар