ТЖМ түнде болған өрттер туралы мәлімет берді

cover Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

9 маусымға қараған түні еліміздің өрт сөндірушілері төрт облыста шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Orda.kz.       

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе облысында қоңырау түскен сәттен бастап 26 минут ішінде Астана ауданындағы көпқабатты үй аумағындағы гараждан шыққан өрт сөндірілді.


Ал Алматы облысының Қарасай ауданында облыстық маңызы бар «Үлкен Алматы айналма жолының» 35 шақырымында жеңіл көлік өртенді. Өрт сөндірушілер шақырылған сәттен бастап 34 минут ішінде өртті сөндірді. Тағы бір өрт Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында болды. Онда ауданы 130 шаршы метр болатын жеке тұрғын үй өртенді. 

Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері жанып жатқан моншаны сөндірді. Өрт Серебрянск қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында болды.

Талдықорған қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында қосалқы ғимарат өртенді. 84 шаршы метр аумақтан өрт шықты, қоңырау түскен сәттен бастап 21 минут ішінде өрт салдары жойылды.

Жылдам қабылданған жедел шаралардың арқасында адам шығыны болмады. Өрттердің шығу себептері  әлі де анықталуда.

7 маусымда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев әуеден өрт сөндіру тобының дайындығын тексерген болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар