ТЖМ басшылары пара алды деген айыппен сотталды
Фото: envato
Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов пара алу және билікті асыра пайдалану істері бойынша сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкіміне сәйкес, Нұрболат Дербісов пен Шымкент қаласы ТЖД бастығы Мадияр Жақсыбаевты 5 жылға, ал Жетісу облысының ТЖМ басшысы Бауыржан Ізбасаровты 9 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды, деп хабарлады дүйсенбі күні Антикор.
Шенеуніктер бизнеске қамқорлық көрсету үшін 39,7 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұдан бөлек, Ізбасаров билікті асыра пайдаланып, заңсыз жолмен 1,7 миллион теңге көлемінде өзіне көтерме жәрдемақы аударған. Аталған тұлғалар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдық қызметтер атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, кінәлары толықтай дәлелденгенше олар кінәсіз деп саналады.
Естеріңізге сала кетсек, осы тұлғалардың ұсталғаны туралы алғаш рет 2023 жылдың жазында хабарланған болатын. 24 шілдеде Нұрболат Дербісов, Мадияр Жақсыбаев және Бауыржан Ізбасаровтың қамауға алынғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді