ТЖМ: Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін
[media=https://vk.com/video-29539204_456242645]Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны кезеңіне дейін жүргізілген мониторинг жұмыстары туралы мәлімдеді, деп хабарлады Orda.kz.
Құтқарушылар Алматы облысының өзен арналарын әуеден тексерді. Олар тікұшақпен Талғар өзені алабынан Шелек өзені алабына (Іле және Күнгей Алатау жоталары) дейін ұшып жүріп, қарап шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, аэровизуалды тексеруден кейін анықталғаны төмендегідей:
Аталған көлдер әлі де қысқы режимде. Ақпан және наурыз айларындағы бірқатар жер сілкіністерінен кейін тау басындағы көлдердің жағдайына кері әсер белгілері байқалмайды. Көлдердегі су шекті деңгейден айтарлықтай төмен.
Елеулі көлемдегі жаңа қар көшкіндері жоқ.
Адамдар мен жабайы жануарлардың көшкін қаупі бар беткейлерді кесіп өтууіне байланысты биік таулы аймақтың әр жерінде қар көшкіні жүруі мүмкін.
Сел қаупі бар өзендердің арналары таза, өзен арналарында айтарлықтай кептеліс анықталған жоқ. Орта тауларда қар жамылғысының қалыпты еруі байқалады.
Орта және биік таулы аймақтарда айтарлықтай қар жиналған.
Шығыс Қазақстанда су тасқынына белсенді дайындық жүріп жатыр. Облыстың азаматтық қорғау қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Құтқарушылар облыс тұрғындарын қызыл судың басу қаупіне дайындалуға шақырды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды