Түсік тастаған әйел жайлы дәрігерлердің көзқарасын денсаулық сақтау басқармасы түсіндірді
Фото: Pexels
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы №2 қалалық көпбейінді ауруханада түсік тастаған науқасқа қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға туралы алғашқы болып әлеуметтік желіде палатадағы көршісі хабарлады. Оның айтуынша, жүкті әйелге көмектесетін дәрігерді іздеп таба алмағанына бір жарым сағат болған. Ал бөлім меңгерушісі демалыста болған. Жазба авторы денсаулық сақтау министрлігінің жедел желісіне және басқа да қалалық қызметтерге қоңырау шалғанын растайтын скриншоттарды жариялады.
«Ол қансырап жатты, жылады, көмек сұрап жалынды. Іші қатты ауырды, түсік тастау қаупі болды. Бірақ дәрігерлер тек 1 сағат 45 минуттан кейін ғана келді. Әйелдер тіпті ауруханада да өзін қауіпсіз сезіне алмайды. Біз мұнда емделуге, өмірімізді сақтауға келеміз, балаларымыздан айырылу үшін емес» деп жазды оқиға куәгері.
Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, науқас жүктіліктің ерте үзілу қаупі бар деп гинекология бөліміне жатқызылған.
«Стационарға түскеннен кейін ол бекітілген емханалық хаттамаларға толық сәйкес түрде қажетті ем қабылдап, медициналық бақылауда болды. Алайда жеткілікті терапияға қарамастан, жүктілік үзілдә» деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Ведомство бұл науқастың бесінші жүктілігі екенін нақтылап, бұл жағдай ұрықтың жатыр ішінде шетінеуі ретінде саналмайтынын атап өтті. Себебі эмбрион әл дамудың ерте кезеңінде болған.
Сондай-ақ басқарма оқиға кезінде гинекология бөлімінде 40 науқас жатқанын хабарлады:
«Олардың әрқайсысын кезекші медицина қызметкер үздіксіз бақылауы қажет болды» деп жазылған басқарма мәлімдемесінде.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?