Түрмеден шыққан актер Михаил Ефремов мансабына оралмақ

cover Фото: Михаил Ефремов/ Вконтакте

Актер Михаил Ефремов жазасын өтеп бостандыққа шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы оның адвокаты Юрий Подалко хабарлады. Адвокаттың айтуынша, әуелі актер денсаулығына көңіл бөледі. Содан кейін ол шығармашылыққа оралады.

«Ол өз кәсібін жақсы көреді. Жұмысын қатты сағынды», — деді адвокат.

2020 жылы Мәскеудің орталығында Ефремов мас болып, көлік жүргізіп, қарсы жолаққа шығып кеткен. Ол басқа көлікпен соғылып, екінші көліктің жүргізушісі курьер Сергей Захаров ауруханада қайтыс болды.

2020 жылдың қыркүйегінде Мәскеудің Пресненский соты Ефремовты сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Кейінірек жазасы жеті жарым жылға дейін жеңілдеді. Актер Белгород облысындағы түрмеде жазасын өтеп, мерзімінен бұрын босады.

Айта кетейік, «Кальмар ойыны» сериялындағы нөмірі 001-ші ойыншыны сомдаған 80 жастағы оңтүстік кореялық актер О Ён Су бір әйелді күштеп құшақтағаны үшін бір жылға сотталған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар