Түркістанда көшенің қақ ортасында атыс болды

cover

Түркістан облысында ер адам көшенің қақ ортасында танысына оқ атқан, деп хабарлайды Orda.kz. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода полиция көшені қоршауға алғаны көрінеді. Анықталғандай ер адам көшеде танысына қарсы травматикалық қарудан оқ атқан. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілген оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғынын ұстапты.

«Күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық тапанша тәркіленіп, іс материалдарына тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, келіспеушілік туындап, ер адам өзінің танысына оқ атқан», деп мәлімдеді Түркістан облысының ПД.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар