Түркістанда 13 жастағы бала 2-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді
Фото: freepik.com
Түркістан облысының Бәйдібек ауданы, Қошқарата ауылында 8-сынып оқушысы 2-сыныпта оқитын қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Нұрсұлтан Тошаев есімді азамат Facebook парақшасында жазды. Желі қолданушысы сұмдық жағдайдың Қошқарата ауылында болғанын айтты.
«Осы ауылда өткен аптада 8-ші сынып оқушысы 2-ші сыныпта оқитын қыз баланы Сүңгі өзенінің жағалауына апарып зорлап, намысына тиген деген дерек шықты. Қазір қылмыстық іске сараптама жасалып, қорытындысы шыққаны айтылып жатыр Алайда, жәбірленушілер қорланған қыздың қылмыстық ісі қараусыз қала ма деп қорқады», — деді Нұрсұлтан Тошаев.
Желі қолданушысы ауылдың атын жаманатты етпеу және «Бөрлісай» мектебінің басшылығына зияны тимеуі үшін қылмыс жылы жабылып қалуы мүмкін екенін жазды.
Түркістан облысында кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасалды деген күдікпен жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Orda.kz редакциясына облыстық полиция департаменті растады.
Оқиға Бәйдібек ауданында болған. Тергеу мәліметінше, ұсталған күдікті — кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр. Іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жуырда ғана Түркістан облысында мигранттар 16 жасар қызды зорлап, өлтіріп кеткен еді.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды