Түркістан облысындағы жолдарды жұмыс тәжірибесі жоқ фирмалар жөндеген

cover Фото: freepik.com

Түркістан облысында шенеуніктер жалпы сомасы 2,2 млрд теңге болатын жолдарды салу мен жөндеуге шарт жасасқан, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, мердігерлер алдын ала іріктелген. 

«Әкімдіктер төтенше жағдайлардың салдарын жою мен зияткерлік меншік нысандарын сатып алу қажеттілігі сылтауымен алдын ала мердігерлерді іріктеп алған. Бұл жұмыс тәжірибесі мен ресурстары жоқ фирмаларға артықшылық беруге мүмкіндік берді», делінген Антикор хабарламасында. 

Жолдарды орташа жөндеуге арналған смета тағы 180 млн теңгеге арттырылған.

«Талдау қорытындысы бойынша Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Түркістан облысының әкімдігі жолдарды орташа жөндеу бойынша қосымша қаражатты алып тастады»,  делінген хабарламада. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар