Түркістан облысында есірткі контрабандасымен айналысқан 120-дан астам шетелдік ұсталды
Фото: gov.kz
Түркістан облысында есірткі контрабандасымен айналысқан 120-дан астам шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz порталы ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеп.
«Заңсыз айналымнан 335 келіге жуық есірткі тәркіленді. Есірткі контрабандасының 137 арнасының қызметі тоқтатылды. Мәселен, Өзбекстан шекарасынан Қазақстан аумағына өту кезінде контрабанданың 127 фактісі, Қазақстаннан Өзбекстанға өту кезінде 10 факті анықталды. Күдіктілердің 88-і Өзбекстан, 37-сі Тәжікстан азаматтары» делінген хабарламада.
2024 жылдың 10 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 652 фактіге жол берілгені хабарланды. Оның 267-сі қылмыс, 385-і теріс қылық.
Есірткі өткізудің – 42 фактісі, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың – 13 фактісі, есірткі өсімдіктерін егудің – 67 фактісі, есірткі және психотроптық заттарды насихаттайтын заңсыз жарнама жасаудың – 8 фактісі анықталды.
Сонымен қатар, мәліметтерге сәйкес екі қылмыстық іс тіркелгені аталды. Мың дана «Трамадол» есірткісі тәркіленіп, 34 есірткі ломбарды анықталып, олардан 4 келіден астам «синтетика» табылды.
Жаңалықтар
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ
- Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды: Оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- «Хезболла» Израильге жаппай зымыран шабуылын жасады
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді