Түркістан облысында 8-сынып оқушысы 2 баласы бар ер адамнан жүкті болып қалған
Фото: Видеодан кадр
Түркістан облысында 8-сынып оқушысының жүкті болғаны анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
31 арна хабарлауынша, сұмдық жағдай Түркістан облысы Келес ауданында болған. 14 жастағы қыздың зорлық көріп, жүкті болғанын әуелде ешкім білмеген. Анасы қызының денесіндегі өзгерістерді байқап, ауруханаға алып барған кезде оның жүкті екенін білген. Анасы дереу полицияға арыз жазыпты. Қазіргі таңда қыздың көршісінің үйіне келіп жүрген 37 жастағы ер адам ұсталды. Ол әпкесінің үйіне келіп қара жұмыс жасап, күн көреді екен. Ауыл тұрғындары ер адамның екі баласы барын айтты.
«Іші өсіп кетті. Қатты семірді. Тексеруге апарсам жүкті деді. Содан білдім. Зорлық-зомбылық қылған. Зорлаған. Жаңағы Азат деген. Мама зорлады сіз жоқ кезде деп. Қорқытқан ғой қатты, өлтіремін айтатын болсаң деп», – дейді жүкті қыздың анасы.
Жәбірленуші қыз ішінде бала біткенін ешкімге айтпаған. Мүмкін өзі де түсінбеген. Тіпті мектепке де барып жүрген. Аудандық білім бөлімінің өкілдері жәбір көрген оқушы қыздың бақылауға алынғанын айтты. Қазір қызға дағдарыс орталығының мамандары көмек көрсетіп жатыр екен.
Күдіктінің әпкесі інісінің азғындық жасағанына сенбей отыр.
«Тамызда бір келді. Қазан айында келіп маған жәрдем беріп кетті. Кейін кеше, ақпан айында келді. Он күндей жұмыс істеп қайтады. Егер бұл тірлікті істесе, ол келмейтін еді ғой ауылға», - дейді күдіктінің әпкесі.
Полиция сот-медициналық сараптама тағайындады. Тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?