Түркістан облысында 6 жігіт мүгедек бауырын 14 жыл зорлаған: оқиғаның егжей-тегжейі

Түркістан облысы Келес ауданы Ұшқын ауылының тұрғыны Гүлзада Ахметова 23 жастағы ұлының 14 жыл бойы зорланғанын айтып, әділдік іздеп жүр. Туабітті мүгедек жігіт оқиғаның бәрін анасына жайып салған, деп хабарлайды Orda.kz.
Жағаұстатар жағдайды журналист Руслан Өтепбай YouTube арнасына салды. Ол сұмдық оқиғаны естігеннен кейін арнайы Түркістан облысына ат басын бұрған. 23 жастағы жігіттің әкесі балаcы 5 жаста болғанда өмірден өткен. Алайда Гүлзада Ахметова күйеуі өмірден өтсе де, келін болып түскен ауылдан кетпей, күйеуінің туыстарымен жақын араласып, сол жерде қалған.
23 жастағы Нұрлан қатты ауырсынудан кейін анасына көрген қорлығын айтып берген. Анасы жан ұшыра ауыл молдасына(қайнысы) хабарласып, кейін ауыл биін, күдіктілерді, олардың ата-анасын жинауды тапсырады. Күдіктілер өз қылмысын мойындайды. Арасында 14 жастағы мектеп оқушысы да бар. Гүлзада Ахметоваға ауыл биі қандай шешім шығарсаң да өзің білесің дегенмен, қылмыскерлердің отбасына болысып отырған көрінеді.
ТУЫСТЫҢ ҚОРЛЫҒЫ
Жігіт анасына «мені Бағжан, Дінмұхаммед, Бағлан, Ерғазы, Бек, Бекзат зорлап жүр» деп айтқан. Ең сорақысы, бұл тізімде бір үйдің 3 ұлы бар. Олар жігіттің аталас бауырлары болып шықты. Олар жігітті мал жайғауға алып шыққанда, қорада, үйінде жалғыз қалғанда үнемі зорлап жүрген. Бірі 5 жыл алдын зорладым десе, бірі 14 жылдан бері зорлап келе жатқанын мойындаған. Тіпті 14 жыл бұрын оның осындай ісін көріп қалған ауыл тұрғыны оны оңдырмай сабаған. Алайда ешкімге тіс жарып айтпапты. Ал зәбір көрген жігітті бәрі «Анаңды да, сені де өлтіреміз» деп қорқытып келген.
«Біздің аталарымыз 5 ағайынды. Сахметовтар әулеті. Солардың 3-атасына мен келінмін. Ал бір үйдің 3 баласы зорлаған, олар осы әулеттің 5-атасының баласы. 3 баланың әкесі «заң алдында жауап берсін, менің ондай ұлдарым жоқ« деп отыр», - дейді әділдік іздеген ана.
Олардың үлкені 26-да, кейінгісі 22-де, кішісі 20-дағы жігіт.
«Зорлаған 4-жігітте ағайындарымыздың баласы. Бекзат-22 жаста. Кейінгісі Нұрланнан 8 жас кіші бала. 2009 жылғы. Кейінгісі 2011 жылғы мектеп оқушысы. Ол бірден зорлағанын мойындады», - дейді Нұрланның анасы.
ЗОРЛЫҚТЫ АШҚАН ҰРЛЫҚ
Нұрлан ауылдың өзімен қатар балаларымен араласпайды екен. Барынша жасы кіші балалармен ойнап, сөйлесетін көрінеді. Ол ересек жігіттерден қорқатынын айтты.
«Бағлан соңғы рет 7 ақпан күні зорлаған. Мен оның үйіне барғанымда менімен амандасты да шығып кетті. Ол менің үйде жоқтығымды пайдаланып, үйге келіп ұлымды зорлаған. Кейін ұлым дәретханаға кеткенде 41 мың теңгемді ұрлап алған. Ұлым Бағланның келгенін айтты. Үйде бас киімі қалып кетіпті. Ақшамның жоқ екенін көрдім. Ата-анасына хабарласып, жағдайды айттым. Бағлан ата-анасымен кешірім сұрап, ақшамды алып кеп тастады. Бірақ ұлым зорлық туралы айтпады. Мен оны 18 ақпанда біліп отырмын. Арыз жаздым. Сараптама тапсырып қойдық. Полиция ұрлық бойынша арыз жазуымды сұраған, бірақ мен олай істемедім. Мен ұлымды қорлағандар жазаланса болды деп отырмын», дейді ана.
КҮДІКТІЛЕРДІҢ АТА-АНАСЫНЫҢ ОЙЫ
Күдікті саналған жігіттердің бірі - Бек Орынбасар. Нұрланның көршісі. Бектің анасы Нұрланның ақылында кемістік барын айтып, баласын ақтап отыр.
«Ауылда сондай шу болды. Арасында менің де балам бар екен. Ұлым маған қорасында малдың жібін байлап беріп жатқанда «Нұрлан шалбарын шешіп жіберді, мен итеріп кетіп қалдым» деп айтты. Балам ештеңе істемедім деп отыр», - дейді күдіктінің анасы.
Күдікті 3 баланың әкесі барлық жағдай әділ болуын қалап отырғанын айтты да, сұхбат беруден бас тартты. Әлі есін жия алмай отырғанын алға тартып, ештеңе айта алмады.
Ал тағы бір ағайынды жігіттің анасы да өз шындығын айтты.
«8 жыл бұрын ұлым шалбарын шешіпті. Сол жағдай шу болып жатыр. Бірақ Гүлзада жеңешем де, Нұрлан да Бекзаттың зорламағанын айтты», - дейді күдіктінің анасы.
Нұрланның өзі айыптылардың бәрі жазаланғанын қалайды. Жігіт дер кезінде барлық жағдайды анасына айтпағанына өкінеді екен. Гүлзада арыз жазғанымен құзырлы органдар ешқандай әрекет етпей отырғанына наразы.
Жаңалықтар
- Қазақстандағы қуатты су электр станциясын белгісіз біреуге сатып жіберді
- Мәжіліс депутаттары Жомарт Ертаевтың қайта түрмеге «аттанатынын» мәлімдеді
- «Құранмен сендірді»: прокурор 136 адамға несие алдырған емшіні түрмеге қамауды сұрады
- «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесіне жасанды интеллект мүше болды
- Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті
- Берденовке жасалған қастандық бойынша екі тарап та үкімге қарсы шықты
- Шерхан Қалмырза деген кім және ол әлемді өзіне қалай қаратты?
- Мәскеуде Сирияның экс-президенті Башар Асадқа әлдекімдер у берді
- «Қазақстанға келіп, жар табамыз» деді – Павел Дуров
- Ақтөбелік әкім әуейі болғанын мойындады: Прокурор әкімді кінәлі деп тануды сұрады
- 42 жастағы Рауан Әбілханов 600 шақырымды бес күнде еңсеріп, рекорд орнатты
- «Тасмағамбетов бекіткен»: Алматыдағы ірі зауытты EXPO-2017 бойынша сотталған Ермегияевтің әкесі қалай иеленді?
- Түркістан облысында ағайындылар туабітті мүгедек бауырын зорлады: Сот өтіп жатыр
- Қостанайда көліктен құлап түскен зейнеткерді артта келе жатқан көлік басып кетті
- «Қайраттың» жұлдызға айналған қақпашысы Шерхан Қалмырзаға Ұлықбек Шәріпов көлік сыйлады
- Жасырын куәгер мен Тәжиевтің ұлы: Хасанның адвокаттарын сот залынан шығарып жіберді
- «Орталық стадионда болдым»: Рахат Әлиевтің ұлы әкесінің қазақ футболына қосқан үлесін еске алды
- «ҮРКЕР» — 2025» ұлттық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
- Қырғыз ауылындағы қыз зорлауға қатысты оқиғадан кейін тұрғындар өлім жазасын талап етті
- Ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті – Тоқаев