Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болып, халық дүрбелеңге түсті, деп хабарлайды Orda.kz.      

Эпицентрі Токат провинциясында шамамен 6 шақырым тереңдікте орналасқан.

Дүмпулер Амасья, Сивас және Самсунда да сезілді. Биліктің мәлімдеуінше, елеулі қираулар жоқ, алайда кейбір мектептерде жарықтар тіркелген.

Дүрбелең салдарынан бірнеше адам ауруханаға жүгінген. Токатта бір күнге барлық білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдардың жұмысы тоқтатылды.

 Еске салсақ, 2023 жылы Түркияда алапат жер сілкінісі болып,  қаза тапқандар саны 40 мыңға жеткен болатын. Бұл туралы сол кезде елдің ішкі істер министрлігі басшысы Сүлейман Сойлу өзі мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар