Түркиядағы қонақ үйде 78 адамның өмірін қиған өртке жауапты 11 адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды
Фото: Бейнеден кадр
Түркияда Қарталкая тау шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақ үйінде болған өртке қатысты үкім шықты, онда қаңтар айында 78 адам, соның ішінде 34 бала қаза тауып, 137-сі жарақат алған болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 11 айыпталушы, соның ішінде қонақ үйдің иесі Халит Эргюль, оның жұбайы, қызы, күйеу баласы, қонақ үйдің басқарушысы және менеджерлері ауыр жағдайлармен өмір бойы бас бостандығынан айыруға кесілді.
Отырыста 32 адам - оның ішінде муниципалитет пен өрт сөндіру қызметінің өкілдері болды. Сот қасіретті жағдай өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу мен басшылықтың салақтығы салдарынан болғанын мойындады.
Қонақ үй иелерінен басқа, Болу қаласы мэрінің орынбасары Седат Гюленер, өрт сөндіру қызметі директорының орынбасары Кенан Джошкун және өрт сөндіруші Ирфан Ачар өмір бойына сотталды. Қалғандары 12 жылдан 22 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Тек үш сотталушы - ас үйдің екі қызметкері және еңбекті қорғау жөніндегі маман ғана ақталды.
Қайғылы оқиға 21 қаңтарға қараған түні болды. Өрт болған кезде қонақ үйде 234 адам болған. Ғимарат ағаштан салынғандықтан, өрт шапшаң таралып кеткен. Адамдар терезеден секіріп, сейсеппен төмен түсіп, қашуға тырысты.
2025 жылдың 25 қаңтарында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің сот жүйесі бұл оқиғаның барлық қыр-сырын анықтау үшін бар күшін салып жатқанын мәлімдеді. Күдіктілер арасында Болу муниципалитеті мэрінің орынбасары Седат Гүленер және өрт сөндіру басқармасы басшысының орынбасары Кенан Жошкун бар.
Осы оқиғадан кейін бір отбасының 8 адамын бірдей жерлегенін қөрген Ердоған көз жасына ерік берді.
Жаңалықтар
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімажанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес