Түрік танкеріне Қара теңізде шабуыл жасалды

cover Фото: VESSEL FINDER

Түркияның ALTURA компаниясына тиесілі, 140 мың тонна шикі мұнай тасымалдаған танкер Босфор бұғазынан 15 миль қашықтықта дрон шабуылына ұшырады, деп хабарлайды Orda.kz BBC-дің түрік басылымына сілтеме жасап. 

Шабуылдан соң жойқын жарылыс болған. Соның салдарынан кеменің палубасы мен басқару құрылғысы зақымданған. Кейін кеме ішіне су кіре бастаған.

Кемеде 27 экипаж мүшесі болған. Олар зардап шекпеді. 

Тіркеу деректеріне сәйкес, Сьерра-Леоне туы астында жүрген танкер апаттық көмек сұрағаннан кейін, оқиға орнына жағалау қауіпсіздігі қызметі мен арнайы төтенше жағдайларға арналған Nene Hatun кемесі жіберілді.

Қазіргі уақытта кемеге көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Алайда ресми органдар бұл оқиғаның шабуыл болған-болмағаны туралы әзірге нақты мәлімдеме жасаған жоқ.

Nene Hatun апаттық-құтқару кемесі Түркияның Жағалау қауіпсіздігі бас басқармасына қарайды. Ол — теңіздегі ең ірі әрі әмбебап құтқару, өрт сөндіру және апатқа қарсы әрекет ету кемелерінің бірі.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар