Түрген өзенінде сел жүру қаупі бар
Фото: ҚР ТЖМ
Алматы облысындағы Түрген өзені бассейнінде күрделі жағдай байқалды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Алматы облысындағы Түрген өзені бассейнінде күрделі сел жағдайы байқалады. 30 мыңнан астам адам тұратын Тау-Түрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай елді мекендері қауіп төнді» деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі Түрген өзені алабындағы мұздық пен көлдердің сел және гидрометеорологиялық жағдайын бақылауда.
Мұздықтардан пайда болған көлдерде су деңгейін қалыпқа келтіру мақсатында су тасқыны мен сел қаупін жою үшін профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқаны хабарланды. Екі күнде сифон орнату арқылы еріген су сорылды. Осылайша, бүгін ұзындығы 300 метрге жуық, өнімділігі 110 л/с бірінші сифон желісі іске қосылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс шамамен 16 шілдеге дейін жалғасатынын хабарлады. Осыған байланысты туристерге уақытша шектеу енгізілді. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің Түрген филиалының табиғатты қорғау бекеті арқылы өтетін жолды жабу туралы шешім қабылданды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды