Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті

cover Фото: Ашық дереккөзден

Елордада түнде Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар келген кезде пәтер ашық жалынға оранған.

Өртті сөндіру барысында күйік алған әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды және көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды.

Өрт орнынан кәмелетке толмаған үш баланың мәйіті табылды.

Жоғарғы қабаттардан құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады, тағы шамамен 40 адам тұрғын үйден өз бетімен шыққан.

Өрт толық сөндірілді. Қазіргі уақытта оның шығу себептері анықталуда.

Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйел мен қаза болғандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай ерекше бақылауда.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар