Тыйым салынған діни материалдарды таратқан адам ұсталды

cover Фото: Polisia.kz

Атырау облысының тұрғыны тыйым салынған діни мазмұндағы материалдарды таратқаны үшін ұсталды.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

18 жасар Атырау облысының тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы діни араздыққа үндейтін тыйым салынған діни материалдарды таратып ұсталды. Күдіктінің уақытша тұратын мекен-жайын тінту барысында түрлі діни кітаптар мен діни мәтіндер жазылған кітапшалар тәркіленді.

Күдіктіге қатысты экстремизм немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімінен кейін қоғамдық, діни бірлестіктің немесе өзге де ұйым қызметін ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар