Тұрсынбек Қабатов ұшақта тәртіп бұзғаны үшін бес тәулікке қамауға алынды
Фото: Инстаграм
Елорданың әкімшілік сотының шешімімен белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.
Бұл туралы Астана қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлайды.
Ұшақ бортында Қабатов мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан. Сот отырысында ол қызметке көңілі толмайтынын айтып, жасаған әрекеті үшін кешірім сұрағанымен, айтылған сөздері есінде қалмағанын атап өтті.
Аға стюардесса сот отырысына куәгер ретінде қатысып, әзілкештің мас күйінде балағат сөздер айтқанын растады. Айғақтарынан басқа, Қабатовтың кінәсі оның полицияға тапсыру актісімен, бейнежазбамен және медициналық сараптама нәтижелерімен расталды.
Әзілкеш бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.
Жаңалықтар
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді