Туберкулезбен ауырған жүкті келіншек үйінде қаза тапты

cover Фото: freepik.com

Степногорск қаласының жиырма төрт жастағы тұрғыны Көкшетаудағы туберкулезге қарсы диспансерде қаралып, қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қайғылы оқиға 22 ақпан күні болған. Жүкті келіншек Степногорск қаласы әкімдігінде жұмыс істеген екен. Ол өткен жылдың жазында ауруханаға қаралған. Флюродиагностикадан соңғы рет 2022 жылы өткен. Осы жылдың қаңтарында ол қалалық ауруханаға пневмониямен түседі. Қандайда бір себептермен келіншектен бұрындары туберкулез анықталмаған. 

17 қаңтарда жүкті келіншек Көкшетаудағы тубдиспансерге келген. Келіншек жүктілігінің бесінші айына дейін емделеді. Кейін үйге қайтатын болып, қолхат жазып кетеді. Бейсенбі күні үйіне қайтқан келіншек, сенбі күні көз жұмады. Өлімнің алдын ала себебі жедел жүрек жеткіліксіздігі мен туберкулезге қатысты болған. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар