Трамп Иранмен уақытша бітімге келді: Соғыс 5 күнге тоқтады
Фото: Ақ үй
Дональд Трамп Иранмен 5 күндік уақытша бітім жариялады. Бұған дейін Тегеран Ормуз бұғазын толық жабатынын ескерткен еді, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ Иранның энергетикалық инфрақұрылымына соққы беруге уақытша мораторий енгізеді. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, соңғы екі күнде тараптар «өте жақсы және нәтижелі» кездесулер өткізген.
«Мен Қорғаныс министрлігіне Иранның электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымына кез келген әскери соққыларды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырдым», — деп жазды Трамп.
Трамп тараптар толықтай атысты тоқтату мүмкіндігін де талқылап жатқанын мәлімдеді.
Бірақ Иран тарапы Трамптың сөзін жоққа шығарып, АҚШ-пен келіссөздер жүріп жатыр деген мәлімдемелерді жоққа шығарды.
23 наурызда Иран АҚШ құрлық операциясын бастауға әрекеттенсе, Парсы шығанағын толықтай миналап тастайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Axios дереккөздері Трамптың Харк аралын бақылауға алу мүмкіндігін «байыпты түрде» қарастырып жатқанын хабарлаған. БАҚ мәліметінше, АҚШ бұл аймаққа қосымша әскери күштерді жедел түрде жіберуді бастаған.
Оқи отырыңыз:
- Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап елдерді шарпып жатқанына қарсымыз: Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті
- Трамп Израильге барып, беделді марапат алуды қарастырып отыр
- Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
Жаңалықтар
- Трамп Иранмен уақытша бітімге келді: Соғыс 5 күнге тоқтады
- Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап елдерді шарпып жатқанына қарсымыз: Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті
- Атырауда мереке кезінде 80-ге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалды
- Алдағы күндері оңтүстік өңірлер 28 градусқа дейін жылынады
- Тоқаев «Тазару күніне» орай қазақстандықтарға үндеу жасады
- Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігіне соғылды: Зардап шеккендер бар
- Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлап түсті
- Трамп Израильге барып, беделді марапат алуды қарастырып отыр
- Шахтинскіде газ жарылды: Сегіз адам зардап шекті
- Қар жеп жан баққан: Абай облысында 5 күн бұрын жоғалған малшы табылды
- Қазақстан мен Иран президенттері бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады
- Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
- Астанада жасанды интеллект бойынша алғашқы халықаралық олимпиада өтеді
- Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық футбол құрамасынан кетті
- Ботагөз Омарованың ісі бойынша журналистер Тоқаевқа үндеу жасады, Балаева пікір білдірді
- Украина бейбіт келісімге жақындады ма?
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз құтты болсын!
- Белгілі актер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
- Алматыда кредиттік бюро алаяқтық жолмен 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы