Трамп Иран басшысы қызметіне үш үміткер бар екенін мәлімдеді

cover Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшысы лауазымына лайық деп санайтын үш кандидат бар екенін айтты, деп хабарлайды  Orda.kz The New York Times-ке сілтеп.

«Менің өте мықты үш таңдаулы адамым бар», — деді Трамп басылымға берген сұхбатында.

Алайда ол үміткерлердің есімдерін атаудан бас тартты.

Ирандағы биліктің ауысатыны туралы айта келе, Трамп Венесуэла басшысы Николас Мадуроның тұтқындалуын «мінсіз сценарий» деп тағы бір рет еске алып өтті.

Бұған дейін Трамп қажет болған жағдайда америкалық әскерилер Иранға қарсы шабуылдарды төрт-бес апта бойы жалғастыруға ниетті екенін де мәлімдеген.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған еді. Тель-Авивте соққылардың мақсаты — Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу екені айтылды. Дональд Трамп өз кезегінде Иран флотын және қорғаныс өнеркәсібін түк қ алдырмай жоятын ниетін мәлімдеп, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.

1 наурызға қараған түні Иран жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің қаза тапқанын хабарлады. АҚШ пен Израиль шабуылдары салдарынан аятолланың қызы, күйеу баласы, немересі және келіні де қаза болғаны айтылды.

БАҚ мәліметінше, зымырандар тек әскери нысандарға ғана емес, сонымен қатар Ислам Республикасындағы және өңірдің өзге елдеріндегі азаматтық инфрақұрылымға да тиіп жатыр. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға соққы жасауда.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар