«Төсін шымшып, мұрнына нашатыр құйды»: Сатып алған балыққа бола сотталған әйел әділдік сұрайды
Фото: Orda.kz
Атырау облысының 36 жастағы тұрғыны Жансая Қаршегенова полиция қызметкерлерінен қорлық көргенін айтты. Оның айтуынша, қызметкерлер оның талмасы ұстаған кезде дәрігерлердің жұмысына кедергі жасап, оның мұрнына нашатыр құйған соң, иіс сезу қабілетінен айырылған. Жансая осы іс бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
Orda.kz тілшісі мәслихатқа қатысып, істің анық-қанығын біліп қайтты.
Жансая Қаршегенова 2024 жылдың тамызында қылмыстық қудалау аясында тергеуге іліккен. Атырау облысы бойынша тергеп-тексеру департаменті бұрынғы күйеуінен шот-фактуралармен алаяқтық жасады деп күдіктенген. Сонымен Жансая Қаршегенованың да үйін тексеріп шыққан. Тінтігенде тергеуші Манарбек Рысқалиев жетекші болған. 17 тамызда Рысқалиев Жансаяның үйінен оның бұрынғы күйеуінің ісіне қатысты ешбір айғақ таппаған, бірақ ол үйден 90 келі бекіре, 146 грамм бекіренің уылдырығын тапқан.
Осы деректер негізінде Қаршегеноваға ҚР ҚК 339-бабы (Сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген жануарларды аулау) фактісі бойынша айыпты деп танылып, қылмыстық іс қозғалған.
Ал Қаршегенова болса ол балықты заңды жолмен сатып алғанын айтып, сот ісінде өз кінәсін мойындамаған. Балықтың барлық құжаттары бар екенін ашық мәлімдеген, алайда Рысқалиев ол құжаттарды жалған деп танып, әйелді сотқа берген.

Баспасөз мәслихатында спикер болып отырған Рашид Теңізбаевтың айтуынша, құзырлы органдардың опасыздығы Жансаяға ғана емес, сонымен қатар оның баласына да кесірі тиген.
Жедел жәрдемге көмек көрсетуге кедергі келтірді
2024 жылдың 16 қыркүйегінде Жансая 3 жасар баласын балабақшадан алып кетуге барғанда Атырау облысы бойынша жедел тергеу тобы оның көлігін қоршап алған.
«Мен жолдасыммен балабақшадан баламды алып кетуге келгенмін. Күйеуім балабақшаға кіріп кеткен кезде, көліктің жанына бір көлік келіп тоқтады да, белгісіз адамдар менің көлігіме қарай жақындап келе жатты. Ал мен болсам, сол жерде көліктің есігін іштен құлыптап алдым. Ал олар менің көлігімнің терезесін қағып, одан шығуымды сұрады. Ал мен күйеуіме хабарласып тезірек келуін өтіндім», – деді Жансая Қаршегенова.
Жансаяның сөзінше, ол келген адамдардың арасында үйін тінтуге келген адамды танып қалған. Ол Қаршегеноваға қылмыскер екенін айтып, тезірек көліктен шығуды талап еткен.
«10 шақты адам менің көлігімнің терезесін қағып, көлікті әрі-бері итерді. Не болып жатқанын түсінбедім. Олар менің көліктен шыққанымды қалайды, балам жылап жатыр мен болсам оны жұбатумен әлекпін. Бір кезде маған ауа жетпей бара жатқанын, жайлап есімнен танып бара жатқанымды сездім».

«Есімді жисам, камерада жатыр екенмін. Алдымда тергеуші тұр және ол менің бетімнен қағазбен немесе құжатпен ұрды. Айналамдағы адамдарға менің есімді жиғызуды бұйырды. Мен тағы да есімнен танып бара жаттым. Олар болса менің мұрныма нашатыр спиртін құйып жіберді».
Жансаяның айтуынша, әрі қарай ол өзінің киімсіз екенін және сол адамдар оның денесіне ине тыққан, сондай-ақ оны интимді жерлерінен тартып, шымшығанын айтты. Тергеуші оны «симулянт» деп атап, өтірік жасап тұрғанын айтып, өз-өзіне келуін талап еткен.
Адвокаттар не дейді?
Бұл іске басынан-аяқ қатысып жүрген адвокат Төрехан Мұхтаров балабақшаның жанында болған оқиғаны LED экраны арқылы көрсетті.
Адвокаттың сөзінше, Манарбек Рысқалиев бейнежазбаны түсірген адамдарға оны өшіруді талап еткен және жедел жәрдем келемін дегенше, олар Жансаяны өз көліктеріне көтеріп салған, ал келген жедел жәрдем қызметкерлеріне өз міндеттерін атқаруға кедергі келтірген.
Кейін адвокат құзырлы органдардан алған, камераға түсіп қалған бейнежазбаны көрсетті. Бейнежазбада камерада ес-түссіз жатқан Жансаяны оятуға келген қызметкерлерді көруге болады.
«Әйелдер жататын камерада ер адамдарға кіруге болмайды. Бұл бейнежазба арқылы біз тергеушінің заң бұзғанын көрсеткіміз келеді», – деді адвокат Төрехан Мұхтаров.
Адвокат Талғат Әзімовтың айтуынша, оның мұрнына нашатыр спиртін иіскете ғана қоймай, құйып жібергеннен кейін оның мұрыны қазір иіс сезбейді.
«Оны ұстағаннан кейін өздеріңіз көріп тұрғандай сұрақтарға жауап беретіндей шамада емес болды. Болған оқиғадан кейін, тергеушілер заңсыздыққа барды. Яғни, олар Жансаяны тұрғыза алмаған соң, оның ішіне ине тығып, өзі айтқандай интимді жерлеріне қол жүгірткен. Ал мұрнына нашатыр спиртін құйып жібергеннен кейін оны мұрнын күйік шалған және қазір мұрыны иіс сезбейді», – деді Талғат Әзімов.


«Ешқандай заңнамада тергеу кезінде адамды түртуге немесе өздеріңіз естіген фактілердің біреуі де қарастырылмаған. Ешқандай медицина нашатыр секілді сұйық заттарды мұрынға құйып жіберуге жол бермейді және тергеуші тергеу ісіне ғана болмаса жайдан жай әйелдердің камерасына кіруге құқығы жоқ», – деді адвокат Айнұр Қашегенова.
Баспасөз-мәслихатының сұрақ-жауап кезеңінде біз бұл жағдайдан кейін Жансая Қаршегеновадан аппелляциялық сотқа өтініш тастады ма, жоқ па соны сұраған едік, алайда Жансаяның әлі аппелляцияға өтініш жолдамағанын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Orda.kz Сара Алпысқызының сара жолын саралап, оның ғұмыры жайлы мақала жариялаған болатын.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды