Тоқаев үкіметтің қалай жұмыс істеуі керегін айтты
Фото: ақорда
Тоқаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанды озық елге айналдыру қажеттігін айтып, бұл жай ұран емес, нақты жоспар екенін атап өтті.
«Бізге керегі – дамудың сара жолы. Сондықтан түбегейлі саяси реформалар жүргізумен қатар, еліміздің қоғамдық-экономикалық өмірінде терең өзгерістер жасау үшін батыл шаралар қабылдауымыз қажет. Ең бастысы, біздің барлық іс-әрекетіміз «Әділетті Қазақстан» құру қағидатына сай болуға тиіс. Алдымен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатына жаңа серпін беру керек, яғни, экономиканың барлық саласын дамыту, ынталандыру жолдары мен алдағы міндеттерді қайта қарау қажет. Түптеп келгенде, мемлекет енді үздіксіз қолдау шараларынан нағыз сапалы дамуға қолғабыс ету ісіне түбегейлі көшуі керек. Бұл жұмысты сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындайтын уақыт жетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Салық және Бюджет кодекстері, мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ мемлекет пен жекеменшік әріптестігі туралы заңнамалар мүлде жаңаша сипатқа ие болғанына назар аударып, мұның бәрі Жаңа экономикалық саясатты жүзеге асырудың мықты тірегі болуға тиіс екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, алдымызда тариф саясатындағы кедергілерді жою, агросекторды қайта жандандыру, әлеуметтік саланы басқару мен қаржыландырудың тиімді тәсілдерін әзірлеу міндеті тұр.
«Бұл жерде, әрине, ең алдымен, үкімет маңызды рөл атқаруға тиіс. Жаңа қарқынмен жұмыс істеу қажет. Маңызды шешімдерді шұғыл қабылдап, көп созбай, шешуші қадамдар жасауы керек. Үкімет өз қызметінде кәсібилік, жауапкершілік, жеделдік және бастамашылдық сияқты қасиеттерді ұштастыруға тиіс. Үкімет экономиканы халқымыздың игілігі үшін ынталандыруға және әртараптандыруға бағытталған батыл әрі табанды шешім қабылдауы қажет. Бұл міндеттің маңызы зор және ол стратегиялық сипатқа ие», - деді мемлекет басшысы.
Жиында парламент мәжілісіндегі Aманат, ЖСДП, «Ақ жол», ҚХП, Respublica, «Ауыл» партиялары фракцияларының жетекшілері сөз сөйледі. Содан кейін депутаттар үкімет басшысының жаңа кандидатурасын дауысқа салды: 69 депутат қолдап, 7 халық қалаулысы қалыс қалды. Мемлекет басшысы премьер-министр лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдағаны үшін мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді.
Жаңадан тағайындалған премьер-министр Олжас Бектенов сенім артқаны үшін Тоқаевқа және парламент мәжілісі депутаттарына алғыс айтып, үкіметке жүктелген міндеттерді атқаруға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
Жаңалықтар
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты