Тоқаев: Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс
Сурет: ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты.
«Бүгін біз былтыр атқарылған жұмысты қорытындылаймыз. Сондай-ақ алдағы кезеңнің басты міндеттеріне тоқталуымыз керек. Жалпы, өткен жылы экономикамыз 5,1%-ға өсті. Ең бастысы, еліміздің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Алдыңғы үкімет осы бағытта біраз жұмыс істеді. Кеше мен бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайыловқа алғысымды білдірдім. Бірақ қазір жайбарақат отыруға болмайды, себебі алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Сондықтан үкімет жұмысына жаңа серпін беру қажет. Негізгі мақсат – баршаңызға белгілі. Біз 2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Яғни, нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6%-ға өсуі керек деген сөз. Сондай-ақ, макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек. Бұл – өте маңызды міндет. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы даму қажет. Сондықтан әрбір қадамды жан-жақты, мұқият ойластырып, батыл әрекет ету керек», - деді Тоқаев.
Тоқаевтың айтуынша, алдағы міндеттерді орындау үшін үкіметке де, әкімдіктерге де тиісті құзырет берілген.
«Алайда, бұл мүмкіндіктер көп жағдайда дұрыс қолданылмай жатады. Соның кесірінен реформаларды жүзеге асыру қарқыны бәсеңдеп кетті. Мұндайды доғару керек. Мемлекеттік органдар арасында өзара келісу мен талқылау жұмысы аяқталғанша, кез келген бастаманың негізгі мән-маңызы да өзгеріп кетеді. Бюрократияны тоқтату қажет, бізге нақты нәтиже керек. Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болуы қажет. Мәселені жедел шешумен қатар, экономиканың ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету өте маңызды. Қазіргі жағдайда экономикамыздың мейлінше еркін дамуына мән беруіміз қажет. Елімізді дамудың жаңа белесіне шығарамыз десек, бұл жұмысты жедел және дәйекті түрде жүргізген жөн. Мен былтырғы Жолдауымда жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындап бердім. Сондықтан бүгін мен қазіргі экономикалық ахуалға қатысты өзекті мәселелерге тоқталамын», - деді ол.
Жаңалықтар
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ
- Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды: Оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- «Хезболла» Израильге жаппай зымыран шабуылын жасады
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді