Тоқаев Ұлытауға көңіл айтты: Қаза тапқандардың отбасыларына 10 жылдық жалақы төленеді
Фото: Pixabay.com
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысындағы кеншілер өлімін мұқият тергеуді тапсырды. Сонымен қатар, кен орнында қаза тапқандардың отбасына он жылдық орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының кен орнында тау жынысының опырылуы салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Сонымен қатар, Тоқаев үкіметке төтенше жағдайдың себептерін жан-жақты тергеуді тапсырды. Тиісті ведомстволар мен өңір әкімдігіне қаза тапқандардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетуді міндеттеді.
Ал «Қазақмыс» корпорациясы «Жомарт» кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына ұжымдық келісімшартқа сәйкес барлық қажетті көмекті көрсетеді. Бұл туралы компания өкілдері хабарлады.
«Әлеуметтік және материалдық қолдау көрсету, сондай-ақ моральдық шығынды өтеу мақсатында марқұмдардың отбасына он жылдық орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді. Сонымен қатар жерлеу рәсімін ұйымдастыруға 2 миллион теңгеден астам қаржы бөлінеді», деп мәлімдеді «Қазақмыс» компаниясы.
Сондай-ақ, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, марқұмдардың несие және қарыздарын жабу сияқты көмек түрлері қарастырылған.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады