Тоқаев Түрікменстанда өтетін дамушы елдерге арналған конференцияға қатысады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«5 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін, теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының Үшінші конференциясына қатысады» деп жазылған Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциялары – жаһандық мәселелерді талқылауға және даму, экология және өзге де маңызды салаларда шешімдер қабылдауға арналған маңызды алаң.
Біріккен Ұлттар Ұйымыны адам құқылары жөніндегі конференциялары — жеке тұлғалардың (адамдардың) құқықтары мен бостандықтары жөніндегі мәселелерді қарайды. Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бекітілді.
Соңғы жылдардағы әлемде болып жатқан аймақтық соғыстар, табиғи және экологиялық апаттар, нашақорлық, қарақшылық, жұмыссыздық — бәрі қосылып адам факторына тіреледі. Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы адамды түріне, тіліне, саяси немесе діни сеніміне, ұлттық немесе әлеуметтік жағдайына, жынысына қарамастан тең құқықты санайды.
Еске сала кетейік, 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді.
Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөздер жүргізіп, Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша орнықты даму мақсаттарына арналған БҰҰ-ның өңірлік орталығына бірге барады.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен баруды жоспарлап отыр. Сапардың нақты күні әзірге белгісіз.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды