Тоқаев судьялар қатарында жүрген алаяқтар мен жемқорларды жұмыстан шығарды
Коллаж: Orda.kz
Президент Тоқаев сот жүйесіндегі қызметкерлердің кейбірін қызметінен босатты. Олардың лауазымынан айырылуы сенімнің жоғалуы мен қызметтік этиканың бұзылуына байланысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі соттардың төрағалары мен судьяларын тағайындау және босату туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат барлық аймақтарға қатысты.
20-дан астам судья мен сот төрағалары отставкаға кетті. 60-қа жуық жаңа судьялар тағайындалды.
Көбі әдеттегі себептермен — зейнеткерлікке шығу, өкілеттік мерзімінің аяқталуы, жеке қалауы бойынша қызметінен кетті.
Бірақ соттың екі төрағасы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды.
Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Шаймерденов пара алғаны үшін сотталды. Ақтау қалалық сотының басшысы Бауыржан Шайдуллин де алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық үшін жазасын өтеп жатыр.
Тағы бірі — Ғалым Қалдаров, Шымкенттегі әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі соттың төрағасы. Ол теріс қылық жасап, тәртіп бұзғаны үшін сот алқасының шешімімен орынын босатты.
Жаңа қызметке келгендер арасында әйелдер де бар. Кейбіреулер аудандық соттан қалалық соттарға ауыстырылды. Алматыда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңа төрағалар тағайындалды.
Айта кетейік, Хасан қылмыстық тобының мүшесі 17 жылдан соң қолға түсті.
Жаңалықтар
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді