Тоқаев шахтадағы трагедиядан кейін көңіл айтқандарға ризашылығын білдірді
Тоқаев шетел мемлекет басшылары мен отандастарына шахтадағы трагедиядан кейін көңіл айтқандары үшін алғыс айтты.
Қазақстан президентінің атына Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты шетел мемлекет басшыларынан көңіл айту жеделхаттары келіп түсуде.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестері мен жерлестеріне жауап берді.
«Осы қиын сәтте көңіл айтып, қаза болған кеншілердің отбасыларына қолдау білдіріп, көңіл айтқан мемлекет басшыларына, қоғам қайраткерлеріне, азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін» деп жазды Мемлекет басшысы өз парақшасында.
Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада 28 қазанда жарылыс болды.
Оқиға орнына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Ол зардап шеккен және қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесті.
Бұған дейін мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ меншік құқығын Қазақстанның пайдасына беруді түпкілікті құқықтық ресімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жаңалықтар
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема