Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты

cover Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сауд Арабиясы Корольдігінің Мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Әл Сауд телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Orda.kz.      

Әңгіме барысында мемлекет басшысы мен Мұрагер ханзада Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы тек өңірлік қана емес, сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа да елеулі қатер төндіретінін атап өтті.

Тараптар қақтығысқа қатысы жоқ елдердің аумақтарына жасалып жатқан шабуылдардың жалғасып жатқанына өкініш білдірді. Бұл жағдай дәл қазіргі уақытта ислам үмбеті өзара құрмет пен төзімділікті бұрынғыдан да айқын көрсетуі тиіс кезеңде болып отырғаны айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын елге эвакуациялауға жәрдем көрсеткені үшін Корольдік Үкіметіне алғыс білдірді.

Өз кезегінде Мұрагер ханзада Қазақстан президентіне қолдау білдіргені үшін ризашылығын жеткізіп, қасиетті Рамазан айына орай қазақ халқына ізгі тілектерін жолдады.

Сонымен қатар тараптар екіжақты қарым-қатынастарды сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеру және халықаралық аренадағы бірлескен күш-жігерді үйлестіру мақсатында тұрақты саяси диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар