Тоқаев Ресейде Путинмен кездесті
Фото: Ақорда
Ресейдің Санкт-Петербург қаласына барған Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Тоқаев кездесу барысында Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән беретінін ерекше атап өтті. Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесу мазмұнды өткенін айтты.
«Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешім қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды. ТМД – беделді әрі заман талабына сай халықаралық ұйым. Биыл өзара ынтымақтастығымыз табысты болғаны сөзсіз. Екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым өте нәтижелі өтті», — деді мемлекет басшысы.
Владимир Путин де екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тоқталды.
«Біз кешеден бері біраз жұмыс атқардық. Бүгінгі бейресми кездесу барысында ҰҚШҰ, ТМД аясындағы қызметімізді және екіжақты ынтымақтастық жағдайын талқыладық. Дегенмен Сізбен Қазақстан және Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту үшін арнайы кездескеніме қуаныштымын. Менің ойымша, барлық сала оң қарқынмен алға ілгерілеп келеді. Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ», – деді Ресей президенті.
Айта кетейік, Шымкентте заңсыз жүргізуші куәлігін рәсімдеген 15 қызметкерге үкім шықты.
Жаңалықтар
- Сот шешіміне қарамастан әкімдік пен кәсіпкерлер арасындағы жер дауына нүкте қойылмады
- Тоқаев Ресейде Путинмен кездесті
- Шымкентте заңсыз жүргізуші куәлігін рәсімдеген 15 қызметкерге үкім шықты
- Мысықты кір жуғыш машинаға салған әйел табылды
- Актер Мұрат Бисембин инсульт алып ауруханаға түсті
- Алматы полициясы қан шашылған пәтерге қатысты түсініктеме берді
- Ақтөбе облысында қала әкімі суицид жасады
- Түркия парламентінде депутаттар төбелесіп қалды
- Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілгендердің саны рекорд орнатты
- Түнде Алматыда жер сілкінді
- «Қайрат» командасы Mundo do Futsal Experience-2025 жоғары марапатын алды
- ҰҚК радиоактивті уран сатпақ болғандарды ұстады
- Оңтүстік Африкадағы атыстан тоғыз адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды
- Астанаға аяз бет алды: құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады
- Қазақстан құрамасын басқарған жаттықтырушы енді «Жеңіс» футболшыларын баптайды
- Қазақ өнерінің нарқасқасы Асанәлі Әшімов өмірден өтті
- МӘМС «санға» көшеді: денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгеріс
- Сауд Арабия сахарасын қар басып, жұрты сасып жатыр
- Канадалық компания Қазақстанмен уран үшін тағы да соттасып жатыр
- «Ресейдің Еуропаны басып алатын шамасы жоқ»: АҚШ барлауының басшысы