Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Orda.kz.

Қос тарап екі жақтың байланысы, жай-күйі мен перспективасын талқыға салды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин сауда-экономикалық, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп және көлік салалары бойынша бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қарастырды. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанын да тілге тиек етті.

Екі президенттің әңгімесінде Тоқаевтың Ресейге іс-сапарына дайындығы туралы сөз қозғалды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар