Тоқаев Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Армения премьер-министрі Никол Пашинянның басшылығымен мемлекеттік құрылыста, азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде және халықаралық беделін нығайтуда зор табыстарға қол жеткізгенін атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев достық пен өзара тиімді ынтымақтастық рухын ұстана отырып, Қазақстан-Армян қарым-қатынастарын жан-жақты нығайтуға бейілділігін растады.

 Мемлекет басшысы Армения басшысына жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Армения халқына гүлдену мен ілгерілеу тіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар