Тоқаев Нұрайдың өлімінен кейін Шымкент полициясының жұмысына баға беруді тапсырды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Шымкенттегі Нұрайдың өлімінен кейін полиция жұмысына баға беруді тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шымкентте Нұрайдың қаза табуы қоғамда кең резонанс тудырды. Қайғылы оқиғада бойжеткенді пышақтап өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Марқұмның жақындарының айтуынша, күдікті ұзақ уақыт бойы Нұрайдың артынан қалмай жүрген көрінеді. Ол әлеуметтік желілер арқылы бақылап қана қоймай, қыздың оқу орнына да барған. Туыстарының сөзінше, Нұрай қауіптеніп жүргенін бірнеше рет айтқан, өзіне келген хабарламаларды дәлел ретінде сақтаған. Бейресми ақпаратқа қарағанда, марқұмның 11 жеріне пышақ сұғылған. Бетін тіліп тастаған.
Оқиғаға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді. Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде президент Нұрайдың қазасы қоғамды алаңдатқанын атап өтті.
«Күдіктінің қызды аңдып, қорқытқаны белгілі болды. Бұл қайғылы жағдайға әкелді. Мен Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді Ішкі істер министрлігіне тапсырдым», — деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, істі жан-жақты тексеру үшін Бас прокурорға да тиісті тапсырма берілген.
Шымкентте 11 жерінен пышақталған марқұмның денесін туысқандары туған жері Төрткөл ауылына алып кетті. Олар күдікті тиісті жазасын алса дейді.
Жаңалықтар
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды