Тоқаев Нью-Йорк қаласына іс-сапармен барады

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Orda.kz.

Іс-сапар 21-23 қыркүйек күндеріне белгіленген. 

Президент ол жақта БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді. 

Президент 8 қыркүйек күні БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлейтінін айтқан еді. 

«Мен жақында Нью-Иорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлеймін. Басқосуда халықаралық ахуалға, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалауға қатысты Қазақстанның көзқарасын білдірмекпін», — деді мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар, сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Головкин Англиядағы қазақ боксшыларының жанкүйерлерін сынады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар