Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды

cover Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тоқаевтың өкімімен Айнұр Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Оның орнына бұл қызметке Ұлан Бекіш келді. 

«Ұлан Әбділқайылұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», деп хабарлады Ақорда.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар