Тоқаев Кувейт Әмірін Ұлттық күнімен құттықтады

cover Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишаал әл-Ахмад әл-Джабер әл-Сабахты және барша Кувейт халқын – Ұлттық күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.

Тоқаев Кувейттің одан әрі өркендеуіне, гүлденуіне және биік мақсаттарға жетуіне тілектестік білдірді.

«Біз Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді және маңызды серіктестерінің бірі ретінде көреміз. Мықты достық пен өзара сенімге негізделген ынтымақтастығымыз екі елдің бірлескен күш-жігерінің арқасында одан әрі дами беретініне сенімдімін»  деп жазды Тоқаев құттықтау жеделхатында.


Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Кувейт Әміріне жауапты қызметіне табыс, ал ел халқына бақ-береке мен амандық тіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар