Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
Коллаж: Егемен Қазақстан
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Конституция мемлекеттіліктің қалыптасуында маңызды рөл атқарғанын, сондықтан оны сынай беруге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеп.
«1995 жылғы Конституцияда мемлекеттік биліктің негіздерін нығайтуға басты назар аударылды. Ол кезең үшін бұл толықтай орынды еді, өйткені енді ғана тәй-тәй басқан Тәуелсіздікке заңнамалық тұрғыдан берік негіз қажет болды.
Қазіргі қолданыстағы Конституцияны ешбір жағдайда сынауға болмайды. Бұл негізгі заң мемлекет құру ісінде оң рөл атқарды», — деді мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумында.
Тоқаевтың айтуынша, елде Әділетті Қазақстан құру жолы жүріп жатыр, сондықтан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің ерекше тарихи миссиясын ұмытпау қажет.
«Қазіргі қоғам өмірінде «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағида айрықша маңызды. Сондықтан бұл ұстаным жаңа Конституцияның бүкіл мәтіні арқылы негізгі өзек ретінде көрініс табады. Адам құқықтары мен бостандығын қорғауға арналған бөлімнің ең көлемді болуы да кездейсоқ емес — ол 30 баптан тұрады. Бұл Негізгі заңның шамамен үштен бір бөлігі. Ал, мысалы, президент туралы бөлім небәрі 10 баптан ғана тұрады», — деді президент.
Сонымен қатар, Тоқаевтың сөзінше, азаматтардың құқықтарына қатысты көптеген нормалар мазмұны жағынан бірегей, өйткені олар жаңа мағынаға ие.
«Енді Негізгі заң деңгейінде тарихи, мәдени, отбасылық және адамгершілік құндылықтарды қорғауға деген ортақ дайын екеніміз айқын көрініс тапты. Бұл — халқымыздың ажырамас құқығы. Бұл құқықты ешкім — мейлі ол саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, шетелдік немесе отандық үкіметтік емес ұйымдар болсын — күмән келтіруге, тіпті сын айту да дұрыс емес», — деді мемлекет басшысы.
Тоқаевтың айтуынша, қазақстандықтардың басым көпшілігі отбасын қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты қолдайды. Себебі ұлттың жаңа сапасының және жауапты азаматтықтың негізі ең алдымен дені сау, берік отбасыларда қалыптасады.
«Мемлекеттің ең маңызды міндеті — азаматтарымыздың түпкі мүдделерін қорғауға бағытталған саясат жүргізу. Түптеп келгенде, бұл — біздің егемендігіміздің әрі ұлттың жарқын болашағының мәселесі», — деп түйіндеді президент.
Бұған дейін Президент жаңа Конституция мәтінін әзірлеуге атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдірген болатын. Еске салсақ, бр ай бұрын Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Ата заңның жаңа жобасын көпшілікке ұсынды.
Конституциялық реформа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы парламент құру жөніндегі бастамасы негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында жариялаған еді.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды
- Конституцияға 84% өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
- Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқаны алматылыққа айыппұл салынды
Жаңалықтар
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті ісі: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ